2026 жылғы 29 маусымда Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қызметкерлеріне «Іш сүзегі: эпидемиологиясы, белгілері және алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – шекара қызметі қызметкерлерінің іш сүзегі туралы хабардарлығын арттыру, аурудың алдын алу және денсаулығын қорғау болды. Семинар барысында еліміздегі іш сүзегі бойынша ағымдағы эпидемиологиялық жағдай таныстырылып, инфекцияның берілу жолдары, клиникалық белгілері, диагностикасы және алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ жеке бас гигиенасын сақтау, қауіпсіз ауыз суды пайдалану және санитариялық талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар соңында қатысушыларға іш сүзегінің алдын алу жөніндегі негізгі ұсынымдар қамтылған ақпараттық жадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1266584?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау