Маңғыстау облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері «Тасымалдаушы» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Іс-шара барысында республикалық маңызы бар автожолдармен қатынайтын қоғамдық көліктерге, оның ішінде жолаушылар автобустарына тексеру ұйымдастырылды.
Тексеру кезінде жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтауына, көлік құралдарының техникалық жай-күйіне, өрт сөндіргіштердің, алғашқы медициналық көмек қобдишасының, авариялық тоқтау белгісінің және өзге де міндетті қауіпсіздік құралдарының болуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, Ақтау қаласы аумағындағы қоғамдық көліктерде жолаушыларға арналған QR-кодтардың жұмыс істеуі тексеріліп, жүргізушілерге қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жолда бір-біріңізге құрметпен қарап, өзге жүргізушілерге кедергі келтірмеңіздер. Жылдамдық режимін сақтап, қауіпсіз арақашықтықты ұстанып, сапар барысында барынша мұқият болыңыздар.
Жолдағы қауіпсіздік – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266718?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау