Панфилов ауданында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Панфилов ауданында ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда.

Айдарлы ауылдық округінде «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында ауылдағы қолданыстағы өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

Атап айтқанда, өрт техникасын орналастыруға арналған арнайы орын салынып, бекетке өрт сөндіруге бейімделген «Урал» автокөлігі берілді. Бұл төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттырып, өрт сөндіру қызметінің тиімділігін күшейтуге ықпал етеді.

Айдарлы ауылындағы өрт сөндіру бекеті Айдарлы, Дарбазақұм және Сарпылдақ ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетіп, аталған елді мекендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде шамамен 2,5 мыңға жуық тұрғынның өмірі мен мүлкін қорғау деңгейі арта түседі.

Өрт сөндіру бекетінің материалдық-техникалық әлеуетін күшейту – ауылдық аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, азаматтық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға және төтенше жағдайлардың салдарын азайтуға бағытталған маңызды қадам.

Панфилов ауданында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-panfilov/press/news/details/1265881?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version