Павлодар облысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 800-ден астам дерегі анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Павлодар облысының аумағында жолаушылар тасымалы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған “Тасымалдаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аяқталды.

     Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 815 дерегі анықталды. Техникалық байқаудан өтпеген, алкогольдік масаң күйде көлік басқарған, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік басқару фактілері анықталды. Бұдан бөлек, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 30 фактісі және қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 208 құқық бұзушылық тіркелді.

     Барлық құқық бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

     Тексеру қорытындысы бойынша, көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды. Полиция тасымалдаушыларды және жол қозғалысына қатысушылардың барлығын заң талаптары мен жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өйткені азаматтардың өмірі мен денсаулығы осыған тікелей байланысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1266589?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version