Қарағайлы шағын ауданындағы түтін мәселесі тұрғындарды алаңдатуда
Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Р.К. Сейтқанов Қарағайлы шағын ауданының тұрғынын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдау барысында Семей қаласы, Қарағайлы шағын ауданы, 50-үйдің тұрғыны, МИБ төрағасы О.А. Бабжанов қазандықтың жұмысы, ыстық сумен жабдықтау және жылу энергиясына тариф қалыптастыру мәселелерін көтерді.
Абай облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы көтерілген мәселелердің ешқайсысы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, нақты шаралар қабылдау үшін «Теплокоммунэнерго» МКК-ға тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Жеке қабылдаудан кейін басқарма басшысының орынбасары А.Б. Әділбеков «Теплокоммунэнерго» МКК өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Ж.А. Қақибаевпен, абоненттік бөлімнің басшысы Г.Б. Жеспысбаевамен және жылу инспекциясы бөлімінің басшысы Е.С. Раймжановпен бірге оқиға орнына барып, аудан тұрғындарымен кездесті және олардың сұрақтарына жауап берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-energy/press/news/details/1266600?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау