Қазақстан Елшісі Korea Creative Content Agency (KOCCA) Президентімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сеул, 30 шілде 2026 жыл – Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Елшісі Асет Исенали Korea Creative Content Agency (KOCCA) Президенті Ким Юн Чжимен кездесті.

Кездесу барысында тараптар цифрлық контент, кино, анимация, ойын индустриясы, жасанды интеллект, стартаптарды қолдау және мамандар даярлау бағыттарын қамтитын креативті индустриялар саласындағы қазақстан-корей ынтымақтастығын дамытудың перспективаларын талқылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына алдағы сапарына дайындық мәселелеріне, сондай-ақ KOCCA-ның сапар аясындағы іс-шараларға қатысуына ерекше назар аударылды. Тараптар K-PARK жобасын креативті индустриялар мен мәдени контент саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы платформасы ретінде дамыту жөнінде де пікір алмасты.

Korea Creative Content Agency (KOCCA) – Корея Республикасының Мәдениет, спорт және туризм министрлігіне қарасты, елдің креативті индустрияларын дамытуға және халықаралық деңгейде ілгерілетуге жауапты мемлекеттік агенттік. KOCCA-мен ынтымақтастық Қазақстан үшін креативті экономиканы дамытуға, озық корей тәжірибесін енгізуге, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және қазақстандық креативті өнімдерді шетелдік нарықтарға ілгерілетуге жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-seoul/press/news/details/1266878?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version