Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлауды
тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойды.Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызға белгіленді.
Құжат Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қабылданды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне, сондай-ақ астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың әкімдеріне сайлау науқанын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша
шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды.Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.Сайлауды әзірлеу мен өткізу туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
және өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-komsomol/press/news/details/1266791?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау