«Қазавиақұтқару» ұшқыштары санитарлық авиация желісі бойынша кезекті рейсті орындады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТЖМ «Қазавиақұтқару» ұшқыштары Сергей Пинигин, Леонид Калеканов және Айдар Мамырханов тікұшақпен Үлкен Нарын ауданына ұшып барып, жеті жасар науқас қызды алып шықты. Санитарлық авиация дәрігерлері Рафаил Халитов пен Антон Волковпен бірлесіп, оны әрі қарай ем алу үшін облыс орталығына жеткізді. Ұшу барысында дәрігерлер баланың жағдайын үздіксіз бақылап, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Осындай әрбір рейстің артында ұшқыштардың жоғары кәсібилігі, әуе кемесін сенімді басқаруы және кез келген сәтте жедел әрекет етуге дайындығы тұр. «Қазавиақұтқару» экипажы үшін бұл жай ғана ұшу емес, адам өмірі таразыға түсетін жауапты миссия.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1267100?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version