Қосшы қаласының прокуратурасы жергілікті атқарушы органның және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен қала аумағындағы инвесторлармен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды тиімді сүйемелдеуді қамтамасыз ету, инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілердің алдын алу, іске асырылып жатқан жобалардың өзекті мәселелерін талқылау және қаланың инвестициялық ахуалын одан әрі жақсарту.
Бүгінде қала аумағында Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген жалпы саны 11 инвестициялық жоба сүйемелденуде. Кездесу барысында аталған жобалардың іске асырылу барысы қаралып, инженерлік инфрақұрылымға қосылу, рұқсат беру рәсімдері, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл және туындаған өзге де әкімшілік мәселелер талқыланды.
Қосшы қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және инвесторлардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды тұрақты негізде жалғастыруда.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1267009?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау