Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Елшілігінде ҚР Елшісі Жанна Сағынованың Уимблдон турнирінің және Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, WTA турнирлерінің бірнеше дүркін жеңімпазы әрі әлемнің үздік теннисшілерінің бірі Елена Рыбакинамен кездесуі өтті.
2019 жылдан бері спортшы Братислава қаласында тұрып, жаттығып келеді. Алдағы уақытта ол бірқатар халықаралық турнирлерге, оның ішінде US Open турниріне қатысуды жоспарлап отыр.
Кездесу барысында Елена Рыбакина Елшілікке қолтаңбасы қойылған ракеткасын және теннис доптарын сыйға тартты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bratislava/press/news/details/1267039?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау