есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуге жіберіледі
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады.
Қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімін қалыптастырудың негізгі факторларына мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануы, сондай-ақ теріс қоғамдық резонанс туғызатын немесе мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеуі жатады.
Бұл ретте, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына сәйкес есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар қатарына жатқызылғанын ескеру қажет.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызметшілер есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуы тұрғысынан медициналық куәландырудан өтуге жіберіледі («Есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы» ҚР Заңының 32-1-бабының 1-тармағы).
Атап өту қажет, мемлекеттік қызметшінің алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйді тудыратын заттарды тұтыну фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудан өтуден бас тартуы мемлекеттік қызметшіні жұмыстан шығаруға негіз болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1266360?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау