Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілінің қатысуымен өңірдегі жастар ресурстық орталықтарының мамандарына арналған «Конституциядағы адам құқықтары және оларды қамтамасыз ету кепілдіктері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастармен жұмыс істейтін мамандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілген адам құқықтары мен бостандықтары туралы білімдерін кеңейту, сондай-ақ жастар арасында құқықтық мәдениет пен заңға құрмет құндылықтарын нығайту.
Семинардың модераторы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, «Шығыс» жастар орталығының директоры, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Айдос Әділбекұлы Әлібеков болды.
Іс-шараның спикерлері:
🔹 Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің мүшесі, Ұлттық Құрылтай депутаттығына кандидат, Шығыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы;
🔹 Бақытжан Ерболқызы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты, «Ұлағат» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары.
Спикерлер Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының маңызы, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, азаматтық белсенділікті арттыру, сондай-ақ адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерінің қызметі жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, құқықтық ағарту жұмыстарының өзекті бағыттары талқыланды.
Семинар-тренингке Шығыс Қазақстан облысының барлық аудан-қалаларынан келген жастар ресурстық орталықтарының мамандары қатысты. Қатысушылар кәсіби тәжірибе алмасып, адам құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер бойынша білімдерін жетілдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1266355?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау