ТАРИХИ АЛТЫН! ҚАЗАҚСТАН СЕМСЕРЛЕСУДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Гонконгта өткен Әлем чемпионатында шпагадан Қазақстан ерлер құрамасы ел тарихында алғаш рет командалық сайыста алтын медаль еншіледі!

Ел намысын Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов және Ақтөбе облысының өкілі Ерлік Сертай абыроймен қорғады.

Әлемнің ең үздік 46 командасы қатысқан дүбірлі додада отандастарымыз қарсылас шақ келтірмей, айқын басымдықпен жеңіске жетті: • 1/16 финал: Финляндия (45:39) • 1/8 финал: Өзбекстан (28:27) • 1/4 финал: Дания (45:36) • 1/2 финал: Египет (41:32)

Тартысты өткен шешуші финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Украина командасын 45:40 есебімен тізе бүктіріп, Әлем чемпионы атағын жеңіп алды!

Бұл тарихи жеңістің артында бапкерлер құрамы — Мергүл Әбиева, Сергей Шабалин, Ксения Вендерских және Алексей Пеньковтың ерен еңбегі тұр.

2025 жылғы қола жүлдеден 2026 жылғы тарихи алтынға дейін! Спортшыларымызды, бапкерлерді және барша қазақстандықтарды осы жарқын жеңіспен құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-sport/press/news/details/1266848?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version