Тазалық – туған жерге деген құрметтің ең жарқын көрінісі. Осы игі ұстанымды ту еткен «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Рахат ауылдық округіне қарасты Азат ауылында тазалық жұмыстары жүргізілді. Бүгін жиналған әрбір қоқыс – ертеңгі таза табиғатқа жасалған қадам. Әрбір тазаланған көше – ауылымыздың көркіне қосылған үлес. Бірлік пен жанашырлықтың арқасында Азат ауылы бұрынғыдан да көркейіп, жаңаша тыныс алды.
Таза ауыл – берекелі өмірдің бастауы.
Таза Қазақстан – Таза болашақ!
Туған жердің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbekshikazakh-rahat/press/news/details/1266405?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау