«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында қоршаған ортаның тазалығын сақтау және заңсыз қоқыс үйінділерін жою бағытындағы жұмыстары тұрақты негізде іске асырылып келеді.
Ауқымды акцияның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту және әрбір азаматтың табиғат алдындағы жеке жауапкершілігін арттыру. 🌱
Таза әрі қолайлы қоршаған ортаны қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар өңірдің санитарлық жағдайын жақсартуға және халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.
«Таза Қазақстан» – таза болашақтың сенімді кепілі. 🌱
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cerc/press/news/details/1265965?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау