Tрекше қажеттілігі бар азаматтарды әлеуметтік қорғау

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда Қазақстанда ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау мемлекеттік әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Соңғы жылдары бұл бағытта жүйелі өзгерістер жүзеге асырылып келеді.

Егер бұрын негізгі назар әлеуметтік төлемдер мен жекелеген қызметтер көрсетуге аударылса, бүгінде  инклюзивті қоғам құру қағидатына көшті.

Бұл – адамның мүмкіндігін шектеуге емес, қоғамдағы кедергілерді жоюға бағытталған саясат.

Мақсат – ерекше қажеттілігі бар азаматтардың білім алуға, еңбек етуге, денсаулық сақтау қызметтеріне, қоғамдық өмірге және цифрлық қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Осы бағытта Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі Инклюзивті саясат тұжырымдамасы іске асырылып жатыр.

Заңнамалық база жетілдірілуде, қолжетімді орта қалыптастыру, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуды кеңейту бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.

Бүгінде елімізде шамамен 752 мың ерекше қажеттілігі бар азамат тұрады, соның ішінде біздің облысымызда 23 мыңнан (23879)  асады.

 Олардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Сондықтан біздің міндетіміз – тек әлеуметтік қолдау көрсету ғана емес, олардың қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік жасау.

Осы мақсатқа 2026 жылы мемлекеттік бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен республика бойынша 1,1 триллион теңгеден астам қаражат бағытталған. Бұл қаржы әлеуметтік төлемдерге, техникалық оңалту құралдарына, арнаулы әлеуметтік қызметтерге, оңалту орталықтарын дамытуға және ғылыми жұмыстарға жұмсалады.

   Инклюзивті қоғамның маңызды көрсеткіштерінің бірі – қолжетімді орта.

    Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеу бойынша жұмыстар жоспарлы түрде жүргізуде.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы министрліктің қызметінің ашықтығын арттыру және азаматтар, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды жақсарту мақсатында Интернет желісінде «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталы (бұдан әрі – Портал) жұмыс істейді.  

Портал арқылы мүгедектігі бар адамдар үйінде отырып-ақ компьютер немесе ұялы телефон арқылы Қазақстан бойынша бейімделген объектілерді көре алады.

Сонымен қатар, оңалтудың техникалық құралдарын, жеке көмекшілер мен ымдау тілі мамандарының қызметтерін, сондай-ақ санаторийлік емдеуді алу Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қолжетімді болды.

Бұл азаматтарға қажетті қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдетті (оңалту құралдарының өндірушісі мен жеткізушісін өз бетінше таңдап, қамтамасыз ету уақытын қысқартады).

Сонымен қатар, министрлік бүгінгі күні медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін цифрлық трансформациялау жұмыстарын жүргізуде, бұл мүгедектік белгілеудің объективтілігін арттыруға, мемлекеттік бақылауды жетілдіруге және адами фактордың әсерін азайтуға бағытталған.

 

Тақырыпқа қатысты «Qyzyljar TV» телеарнасында жарияланған сұхбат:
https://youtu.be/vclQTsR1wsg?si=UOQqZvvKoKvYuG08

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1266819?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version