Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Триллиондық ауқым: Жетісу 2029 жылға дейінгі экономикалық серпінге дайындалуда

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде 185,6 млрд теңгеге 160 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.
2025 жылы жалпы құны 50,6 млрд теңге болатын 25 жоба іске қосылды. Олардың қатарында Қорын ГЭС-3, Көктал ГЭС-1.1, «Қайнар АКБ» АҚ өндірісін кеңейту және Empire Manufacturing Kazakhstan (MacCoffee) зауыты бар. Жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 611 млрд теңгеге жетіп, оның 71%-ын жеке қаражат құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар жоспары 18,9%-ға артығымен орындалды.
2026 жылы өңірде 123,9 млрд теңгеге 43 жобаны іске қосу жоспарланған. Бұл 1 339 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
2029 жылға дейін Жетісуда жалпы құны 1,5 трлн теңгені құрайтын 127 жобадан тұратын инвестициялық портфель қалыптастырылды.
Ірі жобалар қатарында «Көксу» ГРК тау-кен байыту комбинаты, SkyHansa әуежайы, Standart Steel KZ зауытының III кезеңі, ME Elecmetal құю зауыты, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА базасындағы халықаралық индустриялық қала, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері мен агроөнеркәсіптік кешенді қайта өңдеу жобалары бар.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1266938?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version