Ұлттық нақыш пен заманауи инфрақұрылым үндестігі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердің инфрақұрылымын жаңарту және көркейту бағытында ауқымды жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы бастама аясында ауыл аумағында ұзақ жылдар бойы пайдаланылып келген трансформаторлық қосалқы станцияның (КТП) сыртқы келбеті толықтай жаңартылып, қайта әрлеуден өтті.

Инженерлік нысанның қасбеті заманауи талаптарға сай жөнделіп, ұлттық нақыштағы сәндік ою-өрнектермен көмкерілді.

Бұл атқарылған эстетикалық өзгерістер стратегиялық маңызы бар техникалық ғимараттың сұрғылт кейпін өзгертіп қана қоймай, елді мекеннің жалпы сәулеттік келбетіне де айрықша сән беріп отыр. Қоршаған ортаны таза ұстау мен эстетикалық мәдениетті қалыптастыруды көздейтін бұл жоба заманауи инфрақұрылым мен ұлттық құндылықтардың үндестігін көрсететін сәтті шешімге айналды. Мұндай бастамалар елді мекеннің инфрақұрылымдық сапасын арттырумен қатар, жергілікті тұрғындардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, туған ауылдың тазалығы мен әсемдігіне деген жауапкершілігін оятатыны сөзсіз.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1266934?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version