Ұлттық превентивтік тетігі – адам құқықтарын қорғау бейжай қарамайтын азаматтардан басталады
Ұлттық превентивтік тетігі (ҰПТ) – азаптаудың және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас пен жазалаудың алдын алуға бағытталған тәуелсіз жүйе.
ҰПТ қатысушылары адамдар өз еркінен тыс ұсталатын мекемелерге барып, олардың конституциялық құқықтарының сақталуына және адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттардың орындалуына тәуелсіз қоғамдық бақылау жүргізеді.
ҰПТ қатысушыларының негізгі қызметі:
🔹 жоспардан тыс превентивтік барулар жүргізу;
🔹 ұсталатын адамдармен және мекеме қызметкерлерімен әңгімелесу;
🔹 ұстау жағдайлары мен қарым-қатынас жасау шарттарын бағалау;
🔹 мемлекеттік органдарға тәуелсіз ұсынымдар әзірлеу;
🔹 алынған ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.
ҰПТ қатысушылары келесі мекемелерге барады:
✔ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері;
✔ тергеу және уақытша ұстау изоляторлары;
✔ полиция бөлімшелері мен ҰҚК тергеу изоляторлары;
✔ психиатриялық және наркологиялық ұйымдар;
✔ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдар;
✔ тәулік бойы болатын балалар ұйымдары;
✔ гауптвахталар және адамдар өз еркіне
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-vko-oblysy/press/news/details/1266357?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау