Ырғыз ауданында еңбек заңнамасы және ЕСУТД мәселелері бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 27 шілдеде Ырғыз аудандық Мансап орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің басшысы Касенова Анара Бауржановна және Ақтөбе облысы бойынша департаментінің талдау жұмысы бөлімінің бас маманы Есалиева Лейла Бурабековнаның қатысуымен кездесу өтті.

Кездесу барысында еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕСУТД) мәліметтерді енгізу тәртібі, еңбек шарттары мен міндетті зейнетақы жарналарына қатысты сәйкессіздіктер, ұжымдық шарттарды жасау және квота талаптарының орындалуы мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара барысында жұмыс берушілер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, еңбек заңнамасы, еңбек қатынастары және ЕСУТД жүйесіне қатысты өзекті мәселелер бойынша еңбек инспекциясының мамандарынан жан-жақты жауаптар мен түсіндірмелер алды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, практикалық сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Осындай кездесулер еңбек заңнамасының талаптарын түсіндіруге, жұмыс берушілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және еңбек қатынастарын тиімді ұйымдастыруға өз үлесін қосады. на русс и заглоок

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1267019?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version