“Заң керуені” жобасы: Абай облысында құқықтық түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Абай облысында “Заң мен тәртіп” идеологиясы аясында жүзеге асырылып жатқан “Заң керуені” жобасы өз жұмысын Абай ауданында жалғастырды.

     Қарауыл және Кегірбай би ауылдарында өткен кездесулердің басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру және азаматтарға қолжетімді құқықтық көмек көрсету болды.

     Кездесуге құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелер мен салалық қызметтердің өкілдері қатысып, тұрғындарға құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Азаматтар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заңнама талаптары мен мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі жөнінде нақты жауаптар алды.

     Іс-шараның басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз ету және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты нығайту.

     “Заң керуені” жобасы шалғай елді мекен тұрғындарына құқықтық ақпаратты қолжетімді түрде жеткізуге, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және заң талаптарын түсіндіруге бағытталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1266930?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version