ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚАТЫСТЫ
Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында белсенді жастардың бастамасымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Шара аясында ерікті жастар тазалық жұмыстарын жүргізіп, аудан орталығындағы саябақты күл-қоқыстан тазартты. Еріктілер жол бойындағы қоқыстарды жинап, ағаштарды әктеп, қураған ағаш бұтақтарын шапты. Саябақ аумағындағы қоқыстар арнайы қаптарға салынып, полигондарға жеткізілді.
Тазалық жұмыстарына белсене қатысқан белсенді жастардың бірі Қайрат Сапарбеков өткізілген тазалық шарасы туралы пікір білдірді.
“Туған жеріміздің тазалығы – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Осындай игі шаралар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, жастардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға да ықпал етеді. Барша жастарды осындай бастамалардан шет қалмай, туған өлкеміздің көркеюіне өз үлесін қосуға шақырамын. Жыл соңына дейін ауданның белсенді жастары болып тағы да тазалық шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз”.
Айта кетейік, әр апта сайын облыстың барлық аудан-қалаларында тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда. Бұндай жұмыстар өңір тұрғындарының қоршаған ортаны қорғауға деген мәдениет қалыптастырып, жастарға үлгі болмақ. Жыл басынан бері облыс аумағында 3 мыңнан астам тазалық шарасы өтті. Жыл соңына дейін бұндай жобалар өз жалғасын таппақ.
Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
________
ТУРКЕСТАНСКАЯ ОБЛАСТЬ: АКТИВНАЯ МОЛОДЁЖЬ САРЫАГАША ПРИНЯЛА УЧАСТИЕ В ЭКОЛОГИЧЕСКОЙ АКЦИИ
В Сарыагашском районе в рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» по инициативе активной молодёжи прошла акция по благоустройству и уборке территории.
Волонтёры очистили от мусора парк в районном центре, собрали отходы вдоль дорог, побелили деревья и обрезали сухие ветви. Собранный мусор был упакован в специальные мешки и вывезен на полигон.
Один из участников акции, активист Кайрат Сапарбеков, отметил:
> «Чистота родного края — это общая ответственность каждого из нас. Такие мероприятия не только помогают сохранять окружающую среду, но и воспитывают у молодёжи бережное отношение к природе. Призываю всех молодых людей не оставаться в стороне и вносить свой вклад в благоустройство родного края. До конца года мы планируем провести ещё несколько подобных экологических акций».
Отметим, что экологические субботники регулярно проходят во всех городах и районах Туркестанской области. Такие инициативы способствуют формированию экологической культуры среди жителей и служат хорошим примером для молодёжи.
С начала года в регионе проведено более 3 тысяч экологических мероприятий. До конца года реализация подобных проектов будет продолжена.
Пресс-служба акимата Туркестанской области.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1266703?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау