Жазғы аптапта жүргізушілердің денсаулығына қамқорлық көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаз мезгіліндегі ауа температурасының күрт көтерілуіне байланысты жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің денсаулығына қамқорлық таныту мақсатында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда көлік жүргізушілеріне салқын ауыз су таратып, аптап ыстықта ұзақ уақыт көлік басқарудың адам ағзасына тигізетін кері әсері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Полицейлер жүргізушілерге жолға шығар алдында денсаулық жағдайын бағалауға, жеткілікті мөлшерде су ішуге, мүмкіндігінше көлеңкелі жерде демалуға және ұзақ сапар кезінде әрбір 2–3 сағат сайын үзіліс жасап тұруға кеңес берді. Сондай-ақ өздерін жайсыз сезінген жағдайда қозғалысты жалғастырмай, қауіпсіз жерге тоқтап, демалып алған жөн екенін ескертті.

Аталған профилактикалық іс-шараның басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің шаршауы мен күн өтудің салдарынан туындайтын қауіптердің азаюына ықпал ету, сондай-ақ жол қозғалысы мәдениетін арттыру.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық жүргізушілерді аптап ыстық кезінде жолға шығар алдында өз денсаулық жағдайына ерекше көңіл бөлуге, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1266725?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version