Ақшы және Көктұма станцияларында жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары аяқталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында Ақшы станциясындағы жолаушылар инфрақұрылымын жаңғырту және Көктұма теміржол вокзалын реконструкциялау жұмыстары аяқталды.

Ақшы станциясында заманауи аялдау павильонының құрылысы аяқталды. Металл қаңқалы және күрделі пішіндегі профилирленген жабынмен жабдықталған ашық үлгідегі бір қабатты нысан салынды. Павильонда табиғи желдетуді қамтамасыз ететін аэрациялық шамдар мен ұйымдастырылған су бұру жүйесі қарастырылған. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында павильонның периметрі бойынша биіктігі 1,2 метр болатын металл қоршау орнатылды. Жаңа шатыр жолаушыларға жылдың кез келген мезгілінде пойыз күту үшін қолайлы жағдай жасайды.

Ақшы станциясы арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Балқаш, Ақтоғай және Достық бағыттарымен қатынайтын 14 жолаушылар пойызы жүреді.

1958 жылы салынған Көктұма теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстарының кешені орындалды. Ғимараттың шатырын орнату, сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары, кәріз, су, жылу жүйелерін жаңғырту, электр және байланыс желілерін монтаждау, вокзал маңындағы аумақты абаттандыру және жолаушылар платформасын реконструкциялау жұмыстары толық аяқталды. Жазғы тасымал кезеңінде станция арқылы Алматы, Астана, Қарағанды, Балқаш және Достық бағыттарына қатынайтын шамамен 14 жолаушылар пойызы жүреді.

Жобаларды іске асыру жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, теміржол инфрақұрылымы нысандарында жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға, сондай-ақ Жетісу облысының көлік желісін одан әрі дамытуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1267137?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version