Қызылорда облысында цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы 6 айлық жұмыстар қорытындыланды.
Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Ибадулла Сабит Ибадуллаұлы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алға қойылған жоспарларды таныстырып, тілшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Брифинг барысында өңірде цифрландыру және жасанды интеллект бағытында атқарылған негізгі жобалар таныстырылды. Бүгінде жасанды интеллект денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және мемлекеттік басқару салаларында кеңінен енгізілуде.
Жыл соңына дейін Қызылорда қаласында Alem AI базасында IT-орталығын ашу жоспарлануда. Бұл орталық IT-мамандарды даярлауға, стартаптарды дамытуға және жастардың цифрлық дағдыларын арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, брифингте Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленген «Digital Qazaqstan» 2029 жылға дейінгі жалпыұлттық стратегиясының өңірлер үшін маңыздылығы айтылды. Стратегия мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялауға, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге және өңірлердің цифрлық әлеуетін нығайтуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/cifrovizaciya-kyzylorda/press/news/details/1267063?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау