«Маңғыстаудың жерасты мешіттері және олармен сабақтас нысандар»
ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді
(Шопан ата жерасты мешіті, Қараман ата жерасты мешіті,
Шақпақ ата жартасты мешіті, Сұлтан үпі жерасты мешіті, Оғыландыдағы Бекет ата мешіті)
«Маңғыстау – қазақ даласының
қиыр шеті ретінде осындай қияндағы
өлкелерге тән ерекшеліктерді,
рухани белгілерді барынша молынан
сақтаған кеңістік….»
Серікбол Қондыбай
1945 жылы 16 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (UNESCO) құрылды. Дәл осы күні Лондонда өткен конференцияда оның Жарғысы қабылданып, оған 37 мемлекет қол қойды. Бүгінде бұл ұйымға 193 ел мүше.
Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылы 22 мамырда мүшелікке енді. ЮНЕСКО-мен белсенді әріптестікке және әлемдік қауымдастыққа бірігуге ерекше ден қоя отырып, 1993 жылы ұйыммен өзара қарым-қатынаста негізгі бағыттарды анықтайтын ҚР СІМ жанынан ЮНЕСКО ісі бойынша ҚР Ұлттық комиссиясы құрылды.
ЮНЕСКО-ның басты мақсаттарының бірі – жер бетіндегі көрікті, тарихы бай мәдени жәдігерлер мен табиғи мекендерді қорғау. ЮНЕСКО тізіміне енген мұралар адамзат үшін өте құнды әрі ортақ дүние саналады. Мұндай жәдігерлер ұлтқа бөлінбейді, адамзатқа ортақ. Нысандарды тізімге қосу мен қорғауға алуды арнайы мамандар шешеді. Мәдени жәдігер тізімге қосылғаннан кейін халықаралық қорғау құқығына ие болып, ЮНЕСКО-ның бақылауына өтеді. Мұраны тізімге қосуды да, шығаруды да ұйымның өзі шешеді.
ЮНЕСКО-ның 2001 жылдан бергі тұрақты өкілі, ақын, қоғам қайраткері, Невада-Семей қозғалысының төрағасы Олжас Сүлейменов кезекті бір сұхбатында «Маған бұл жұмыс тіптен ұнайды. Өйткені бұл білім мен мәдениет саласына жақын, сырт қараған да бұл жұмыс оңай болғанымен қағазы көп үкіметтік қызметтердің бірі деп айтуға болады. Менің бір орындалған арманым Колизей мен атцтек пирамидаларының қатарына Қожа Ахмет Яссауи кесенесін қостық. Енді мұраның сақталу мен қорғалуын әлемдік ұйым қадағалап отыратын болады. Ұйым Қазақстанға көп мән береді. Біз осы ұйымға кіру арқылы басқа мәдениетпен қарым-қатынас жасай отырып өзіміздің мәдениетіміздің адамзат өркениетінің бір бөлігі екендігін өзгелерге сезіндіру» деген болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267126?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау