Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапарында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге «Шардара СЭС» АҚ-ның жұмысымен танысты.
Іс-шара барысында өңірдегі су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғырту бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. «Қазсушар» РМК басшылығы халықаралық қаржы институттарының, атап айтқанда Ислам даму банкі мен Еуропалық қайта құру және даму банкінің қаржысы есебінен іске асырылып жатқан жобалар туралы баяндады. Сонымен қатар Су ресурстары және ирригация министрлігі тарапынан жаңа бастамалар жөнінде ақпарат берілді.
Бұдан кейін басшылар «Шардара» су қоймасындағы су деңгейін бақылап, гидротехникалық нысанның жұмысын және техникалық мүмкіндіктерін қадағалады.
Вице-премьер Қанат Бозымбаев су шарушылығына қатысты жобалармен танысып, сала мамандарымен пікір алмасты. Ұсыныстар бақылауға алынып, жауапты басшылар тарапынан тиісті жұмыстар жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1267053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау