Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» 227-ші ерікті өртке қарсы құралымы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Аққорған ауылдық округіне қарасты Түгіскен ауылында 227-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құрылымының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа өрт сөндіру бекеті Аққорған, Келінтөбе, Қожакент және Апаңғақ ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. Жалпы саны 16 828 адамды қамтитын бұл елді мекендер үшін жаңа нысанның іске қосылуы өрт қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

  Өрт сөндіру бекеті жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен бой көтеріп, заманауи талаптарға сай жабдықталған. Нысанда арнайы өрт техникасына арналған бокс, диспетчерлік бөлме, жеке құрамның кезекшілік, демалыс және тұрмыстық бөлмелері қарастырылған.

  ТЖМ тарапынан өрт сөндіру техникасы, байланыс құралдары мен қажетті өрт-техникалық жабдықтар берілді. Сонымен қатар, ТЖД мамандары еріктілерді даярлап, олардың кәсіби біліктілігі мен төтенше жағдайларда іс-қимыл жасау қабілетін тұрақты түрде жетілдіретін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1267129?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version