Ақмола облысы Зеренді ауданының Азат ауылында 228-ші «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды. Аталған өртке қарсы құралым халық саны шамамен 4 мың адамды құрайтын 3 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Бүгінгі таңда пост тиісті дайындықтан өткен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға дайын жеке құраммен толық жасақталған. Бөлімшенің жедел әрекет етуі үшін ТЖМ өрт сөндіру автоцистернасын, қажетті құрал-жабдықтарды, нысанды киімдер мен байланыс құралдарын тапсырды.
Еріктілерді даярлауды ТЖД мамандары ұйымдастырды. Олар өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарын пайдалану, өрт-техникалық қару-жарақ пен байланыс құралдарын қолдану, өртті сөндіру тактикасы және төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдар бойынша оқыту жүргізді.
Дайындықтан өткен мамандар оқиға орнына жедел жетіп, өртті бастапқы кезеңде оқшаулап, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері келгенге дейін көмек көрсете алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1267144?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау