«Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыру аясында «Сарайшық» ауданында «1000 орын – көше саудасы» бағдарламасы шеңберінде орналастырылған павильондарға бірлескен мониторинг жүргізілді.
Аталған іс-шараға аудан әкімдігінің, Төтенше жағдайлар басқармасының, Полиция басқармасының, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ, «Astana ӘӘК» АҚ өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, оның ішінде эскиздік жобаларға сәйкестігі, абаттандыру жағдайы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, көші-қон заңнамасының орындалуы, нысандардың нысаналы мақсаты, сондай-ақ, бақылау-кассалық аппараттардың болуы мәселелері қаралды.
Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1267067?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау