Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту – ел экономикасының тұрақты өсімін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі екенін үнемі атап келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес өңірлерде инвестициялық ахуалды жақсарту, жаңа өндірістер ашу және кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы мақсатта Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мәселелері бойынша инвестормен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында «CHINA LOGISTICS LTD» компаниясының өкілі Сарыағаш ауданында көпфункционалды теміржол жүк тиеу терминалын салу жөніндегі инвестициялық жобаны таныстырды. Құны 7 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба көлік-логистика саласын дамытуға, транзиттік мүмкіндіктерді кеңейтуге және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Арман Абдуллаев инвестициялық жобалардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін стратегиялық маңызға ие екенін атап өтті. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына инвесторлармен тығыз байланыс орнатып, жобаны іске асыру барысында туындайтын мәселелерді заң аясында жедел шешуді және барлық қажетті қолдау шараларын көрсетуді тапсырды.
Сонымен қатар жобаның әр кезеңінің сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету, атқарылған жұмыстардың нәтижесі туралы тұрақты түрде есеп ұсынып отыру қажеттігі айтылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1267092?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау