Жамбыл және Түркістан облыстары жұмылдыру дайындығы саласындағы өзара ынтымақтастықты нығайтты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында Түркістан облысының делегациясымен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ерлан Байболат Бейсенұлы, басқарма қызметкерлері, сондай-ақ Түркістан облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Санжар Бурлибаев Тасқынбайұлы, аудан және қала әкімдіктерінің жұмылдыру бағытына жауапты қызметкерлері қатысты.

Жамбыл облысында жұмылдыру дайындығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылып, тараптар өзара тәжірибе алмасты және саланы жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жұмылдыру дайындығы саласындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тәжірибе алмасуды жүйелі түрде жалғастыру және саладағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды күшейтуге келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1267036?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version