CAREER DAY – Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының қызметкерлері CAREER DAY – Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, мекеменің мәдени-рухани бағыттағы қызметін кеңінен таныстырды.

Іс-шара барысында келушілерге орталықтың негізгі бағыттары, жүзеге асырып жатқан жобалары мен мәдени бастамалары туралы ақпарат беріліп, мәдениет саласындағы еңбек мүмкіндіктері мен шығармашылық қызметтің ерекшеліктері таныстырылды.

Мұндай кездесулер жастар мен жұмыс іздеушілерге мәдениет саласындағы кәсіби мүмкіндіктерді жақынырақ танып-білуге, тәжірибе алмасуға және жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Мәдениет – руханияттың алтын діңгегі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-history/press/news/details/1267207?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version