🔹 Үстіміздегі жылдың 24 шілде күні Департаментпен бекітілген тексеру тағайындау актісіне сәйкес Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлы «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
🔹 Тексеру нәтижесінде анықталған мәселелер бойынша Дінмұхамед Иглікұлы «JASYL SUYQ QAZAQSTAN» ЖШС-не еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып:
– қызметкерлердің еңбек құқықтарының сақталуы;
– еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы бойынша жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарының (ОСНС) маңыздылығы;
– мекемеде бекітілген ұжымдық шарттарды цифрландыруды қамтамасыз ету;
– еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕАБЖ) еңбек шарттарын электронды рәсімдеу тәртібі мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1267332?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау