Республикаға танымал өнерпаз Олжас Құрманбек Бозжыра шатқалында «Dune 2» шығармасына арнап бейнебаян түсірді. Әлеуметтік желі қолданушылары музыкалық туындымен қоса Маңғыстау өлкесінің туристік тұмарына баланған Бозжыра шатқалы мен теңдесіз табиғат көрінісіне тамсанды,- деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.
Олжас Құрманбек – әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген, шығармашылығымен тыңдарман жүрегін жаулаған кәсіби қобызшы. Қобызшы әйгілі фильмдерге саундтрек ретінде жазылған композицияларды еліміздің әсем табиғатында орындап, әлеуметтік желілерге жариялайды. Жуырда Олжас Құрманбек Instagram желісіндегі жеке парақшасына Маңғыстау өңірінде түсірілген бірнеше бейнежазбаны жариялады.
Шетелдік және жергілікті желі қолданушылары өнерпазға жылы лебіздерін арнады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-tourism/press/news/details/1267847?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау