ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасының 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, Жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан «Халықпен бірге» жобасы аясында жүргізілуде.
2026 жылдың соңына дейін елімізде 34 573 әлеуметтік инфрақұрылым нысанын бейімдеу жоспарланған. Ағымдағы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша олардың 31 673-і бейімделіп, бұл Қолжетімділіктің интерактивті картасына енгізілген нысандардың жалпы санының 73%-ын құрайды.
Бейімделген нысандар қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету саласының объектілері бар. Бейімдеу жұмыстарын жүргізу барысында мүгедектігі бар адамдардың барлық санаты үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады.
Қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстары еліміздің барлық өңірінде жүргізілуде. Жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік мекемелермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, азаматтардың қажеттіліктері мен өтініштерін ескере отырып, нысандарды қолжетімділіктің заманауи талаптарына сәйкес кезең-кезеңімен бейімдеуде.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандары мен мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында кедергісіз орта қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды одан әрі жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1267593?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау