Аягөз ауданының прокуратурасы коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғады. Жүргізілген талдау нәтижесінде Аягөз қаласы тұрғындары үшін сумен жабдықтау тарифі төмендетілді.
Тексеру барысында «Аягөз Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны нақты орындалмаған іс-шараларға жұмсалған шығындарды тариф құрамына негізсіз енгізгені анықталды. Негізсіз енгізілген шығындардың жалпы сомасы 18,6 млн теңгеден асты.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Абай облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаменті тарифке қайта есептеу жүргізіп, уақытша өтемдік тариф енгізді.
2025 жылғы 1 тамыздан бастап Аягөз қаласы тұрғындары үшін сумен жабдықтау қызметінің тарифі 6,07%-ға төмендейді – 1 текше метр су үшін 302,03 теңгеден 283,68 теңгеге дейін.
Тарифтің төмендеуі 12 022 жеке тұлғаға, 131 бюджеттік ұйымға және 407 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты болды.
Жіберілген заң бұзушылықтар үшін кәсіпорын Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Абай облысының прокуратурасы коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және табиғи монополиялар саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.
Абай облысының прокуратурасы
#Әділдік
#Заңүстемдігі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1267503?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау