Осы жылғы 21 шілдеде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік саладагы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінде Ашық есік күні өтті.
Бұл жолғы кездесудің басты тақырыбы халықты толғандыратын зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау бағыттарына арналды. Іс-шара барысында департамент қызметкерлері келіп түскен азаматтарға барлық қажетті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарды жан-жақты талқылады. Атап айтқанда, жиылған жұртшылық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібі, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды рәсімдеудің басты шарттары, сондай-ақ зейнетақыға арналған еңбек өтілді растау тәртібі мен мұрағаттық мәліметтер негізінде еңбек өтілін есепке алу ерекшеліктері туралы толық мағлұмат алды. Сонымен қатар, мамандар азаматтардың жеке өтініштері бойынша жекелей кеңестер берді.
Бұл ауқымды бастама мемлекеттік орган қызметінің ашықтығын арттыруға және халықтың әлеуметтік сала бойынша хабардар болу деңгейін көтеруге бағытталған. Аталмыш мәселелер бойынша консультациялық көмек көрсету жұмыстары өз жалғасын табуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1267475?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау