Елордада балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта құтқарушылар жергілікті атқарушы және Прокуратура органдарының, Полиция департаменті мен еріктілер өкілдерімен бірлесіп, балалар жарақатының алдын алуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған ауқымды профилактикалық акция өткізді.
Жыл басынан бері елордадағы көпқабатты тұрғын үйлерде 300-ден астам профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Акция барысында көпбалалы отбасыларға, жас балалары бар жанұяларға, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарға ерекше көңіл бөлінді. Осы отбасылардың пәтерлеріндегі терезелерге балалардың өздігінен ашуына жол бермейтін 1500-ге жуық арнайы қауіпсіздік құлпы орнатылды.
Құтқарушылар балалардың терезеден құлауы салдарынан болатын қайғылы оқиғалардың басым бөлігінің алдын алуға болатынын еске салады. Ол үшін ата-аналар мен заңды өкілдер қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет.
ТЖМ ұсынады:
* балаларды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз;
* масаға қарсы торларды қауіпсіздік құралы ретінде пайдаланбаңыз, себебі олар баланың салмағын көтере алмайды;
* терезелерге арнайы қауіпсіздік құлыптарын орнатыңыз;
* баланың терезе алдына өздігінен шығуына жол бермеу үшін жиһазды терезе маңына орналастырмаңыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-astana/press/news/details/1267968?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау