Атырауда полицейлер жолда қалған италияндық туристерге көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
28 шілде күні сағат 21:50 шамасында Доссор–Құлсары–Бейнеу республикалық тасжолының 103-шақырымында қызмет атқару барысында патрульдік полиция ротасының қызметкерлері полиция капитаны Мейірбек Маженов пен полиция аға лейтенанты Құмар Ескендірұлы жол жиегінде тоқтап тұрған шетелдік автокөлікті байқап, жүргізушілерге көмек көрсетті.
Италия елінен келген екі турист жолдағы шұңқырға түсіп, автокөліктің дөңгелегі зақымдануына байланысты жолда қалып қойған. Полицейлер дөңгелекті Құлсары қаласындағы техникалық қызмет көрсету орталығына жеткізіп, жөндеткеннен кейін автокөлікке қайта орнатуға көмектесті. Нәтижесінде шетелдік азаматтар сапарларын қауіпсіз жалғастырды. Италиялық туристер полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті мен көрсеткен көмегі үшін ризашылықтарын білдірді.
Бұл оқиға жол сақшыларының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, жол үстінде көмекке мұқтаж азаматтарға әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1267393?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version