Ауыл шаруашылығы министрі Сапаров Айдарбек Сейпілұлы ауданға жұмыс сапарымен келді
Жұмыс сапары аясында ауданға Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі келді. Сапар барысында министр «Нежинка-Ерке» ЖШС-нің сүт-тауарлы фермасының жұмысымен танысып, ауыл шаруашылығы алқаптарын аралап, егіс алқаптарының жағдайын көрді.
Сондай-ақ ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпорын басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау және ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/1267636?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау