Ағымдағы жылдың 3 тамызында «Teң қоғам» орталығында аз қамтылған отбасыларға көрсетілетін мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары бойынша мүгедектігі бар тұлғалармен ақпараттық – түсіндіру кездесуі өткізілді. Іс-шара барысында «Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің мамандары қатысушыларды 90 күннен астам мерзімі өткен несие берешегі бар азаматтарды қолдауға бағытталған «Қарызсыз қоғам» және «Қайта бастау» жобаларының іске асырылуы туралы ақпараттандырды.
Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсынудың бірыңғай тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/social-balhash/press/news/details/1267807?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау