«Бәрін жоғалтып, санаулы сағатта қайтарып алдым»: ШҚО полициясының жеделдігі мен ЖБО камералары Ресей тұрғынына көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Бәрін жоғалтып, санаулы сағатта қайтарып алдым»: ШҚО полициясының жеделдігі мен ЖБО камералары Ресей тұрғынына көмектесті

Заманауи технологиялар мен тәртіп сақшыларының үйлесімді жұмысы кез келген күтпеген жағдайды қысқа мерзімде шешуге мүмкіндік береді.

Өскемен қаласына барар жолда өзінің абайсыздығынан барлық құжаттары, ақшасы мен жеке заттары бар сөмкесін жоғалтып алған Ресей Федерациясының азаматшасы Евгения Шелехова мұны өз тәжірибесінде көз жеткізді.

Шетел азаматы үшін өз төлқұжаттары мен балаларының құжаттарын, сондай-ақ барлық жинаған қаржысын бөтен елде жоғалту үлкен қиындықтарға әкеп соқтыруы мүмкін еді. Алайда Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері уақтылы көмекке келіп, әрекет етті.

Кезекші бөлімге жүгінген әйел ұзақ іздеу жұмыстары болады деп ойлаған, алайда Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының арқасында инспектор-кезекші полиция капитаны Виктор Никитин санаулы сағат ішінде арызданушының жүрген бағытын қалпына келтіріп, жоғалған жерін нақты анықтады және мүлікті толық сақтаулы күйінде заңды иесіне қайтарды.

«Полиция қызметкерлерінің қаншалықты жедел жұмыс істегені үшін алғысымды жеткізе алмаймын. Менің барлық төлқұжаттарым, балаларымның төлқұжаттары, ақшам — бәрі аман-есен табылды. Бүкіл бөлімге, әсіресе кәсібилігі мен жылдамдығы үшін Виктор Валерьевич Никитинге алғысым шексіз!» — деді Евгения Шелехова өз әсерімен бөлісіп.

Тәртіп сақшыларының жедел әрі кәсіби әрекеті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көмекке келу ішкі істер органдарының басты міндеті екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1267384?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version