Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.
Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі – азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған 17 мемлекеттік қызметті көрсету. Ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі – мүгедектікті белгілеу. Оның аясында медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізіліп, ағза функцияларының тұрақты бұзылу дәрежесі айқындалып, әлеуметтік қорғау шараларын қолдану туралы шешім қабылданады.
Сонымен қатар, Департамент азаматтардың зейнетақы құқықтарын іске асыру үшін қажетті заңдық фактілерді белгілеу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Азаматтарға заңнамада көзделген жағдайларда заңдық фактілерді белгілеу үшін сот органдарына жүгіну тәртібі түсіндіріледі.
Мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі өзге де топтары үшін әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. 2026 жылғы 1 шілдеден бастап аумақтық департаменттер объектілердің қолжетімділік талаптарына сәйкестігі туралы декларацияларға қол қоюды жүзеге асырады, бұл кедергісіз ортаны қалыптастыруға және бақылау сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Тағы бір маңызды бағыт – оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру. Департамент оңалтудың техникалық құралдарын ұсыну сапасын арттыру, оларды тағайындау тетіктерін жетілдіру және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарының сақталуына бақылауды күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Департамент мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, халықты әлеуметтік қорғау саласына заманауи тәсілдерді енгізу және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру бойынша жұмысты жалғастырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-vko/press/news/details/1267462?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау