Инновация мен тәжірибе: Ақтөбе облысының прокуратурасында өңірлік оқу-практикалық кабинеті мен «ProLab» базалық зертханасы ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Нұрғалым Әбдіровтің және Ақтөбе облысының прокуроры Марат Әбішевтің қатысуымен өңірлік оқу-практикалық кабинеті мен «ProLab» базалық зертханасының салтанатты ашылуы өтті.

«ProLab» өңірлік зертханасы құқық қолдану саласындағы өзекті мәселелерді зерделеуге, құқық бұзушылықтардың жасалу себептері мен жағдайларын талдауға, қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуге, жаңа цифрлық шешімдерді әзірлеу және сынақтан өткізуге, сондай-ақ прокурорлық қызметті жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеуге арналған ғылыми-практикалық алаң болады.

Академия ректоры зертхананың қызметі деректерді талдаудың заманауи әдістерін, жасанды интеллект элементтерін, цифрлық модельдеу мен криминогендік тәуекелдерді болжау құралдарын пайдалана отырып, прокуратура органдарының нақты міндеттерін шешуге бағытталатынын атап өтті.

Іс-шара барысында облыс прокуратурасы мен Құқық қорғау органдары академиясы арасындағы әріптестікті дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Соңғы жылдары облыс прокуратурасының 170-тен астам қызметкері, оның ішінде магистранттар, біліктілікті арттыру бағдарламаларының тыңдаушылары және киберпрокурорлар Академияда білім алып, бұл прокурорлық қызметке заманауи талдау әдістерін, цифрлық құзыреттер мен озық тәсілдерді енгізуге ықпал етуде.

Негізгі іс-шара аясында облыс прокуроры Марат Әбішевтің модераторлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы ғылым мен цифрлық шешімдер» тақырыбында ведомствоаралық кеңес өтті.

Іс-шараға Академия ректоры, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Бөкенбаев атындағы Заң институтының қызметкерлері, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет департаментінің басшылығы, облыс әкімдігі, мемлекеттік органдар, ғылыми қауымдастық және серіктес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кеңес барысында қатысушыларға облыс прокуратурасының «FSM Social», «TALDAU – QOLDAU – BAQYLAU», «Айқын нәтиже», «Қауіпсіз балалық шақ» және «Ақтөбе – алаяқтықсыз өңір» цифрлық жобалары таныстырылды. Аталған жобалар криминогендік факторларды ерте анықтауға, атаулы профилактиканы дамытуға және деректерді талдау негізінде басқарушылық шешімдер қабылдауға бағытталған.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметінде цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті пайдалану, жол-көлік оқиғалары мен интернет-алаяқтықтың алдын алудың заманауи тәсілдері мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша ғылыми-практикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, құқық қорғау қызметін цифрлық трансформациялау аясын кеңейту, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесіне инновациялық технологияларды енгізу және «ProLab» зертханасының әлеуетін заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы озық шешімдерді әзірлеу мен енгізудің өңірлік орталығы ретінде пайдалану жөнінде бірлескен шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1267834?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version