Мойынты кентінде Теміржолшылар күні салтанатты түрде аталып өтті
Мойынты кентінде кәсіби мерекелердің бірі – Теміржолшылар күні кең көлемде аталып өтті. Теміржол саласында еңбек етіп жүрген және осы саланың дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға теміржолшылар, ардагерлер, мекеме қызметкерлері мен кент тұрғындары қатысты.
Мерекелік жиында сала ардагерлері мен үздік қызметкерлерге жылы лебіздер айтылып, олардың ел экономикасы мен өңірдің дамуына қосқан еңбегі ерекше атап өтілді.
Салтанатты бөлімнен кейін мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Көрермендерге жергілікті өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар әсем әндер шырқап, мың бұрала билерін ұсынып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әсерлі концерттік бағдарлама көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, мерекенің сәнін арттыра түсті.
Теміржолшылар күні – елдің көлік саласының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген мамандарға көрсетілетін құрметтің жарқын көрінісі. Осындай игі шаралар еңбек адамының мәртебесін көтеріп, жас ұрпақты адал еңбекке баулуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-mointy/press/news/details/1267355?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау