Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Нұржан Оразұлы Махмутовтың қатысуымен жеке құраммен кешкі саптық жиын өткізілді.
Жиын республика көлемінде өткізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында және демалыс күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Саптық жиын барысында полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар мен тиісті нұсқамалар берілді.
Сонымен қатар жеке құрамның саптық байқауы өткізіліп, қызметтік тәртіптің сақталуы, қызметкерлердің сыртқы келбеті, қызметтік жетондары мен куәліктерінің болуы, қажетті қару-жарақтары мен арнайы құралдарының жарамдылығы тексерілді.
Бұдан бөлек, қызметтік автокөліктерге байқау жүргізіліп, олардың техникалық жай-күйі, тазалығы, арнайы жарық және дыбыс сигналдарының, сондай-ақ байланыс құралдарының жарамдылығы қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша жеке құрамға заңдылық пен қызметтік тәртіп талаптарын қатаң сақтау, азаматтармен сыпайы қарым-қатынас орнату және қызметтік міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындау жөнінде қосымша тапсырмалар берілді.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі.
https://www.instagram.com/reel/DbgL1T0KxqL/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1267610?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау