Қарқаралы тас жолында Айналма жолдан «Лесная поляна» шағын ауданына дейінгі учаскеде жүргізілетін жол жөндеу жұмыстарына байланысты, ағымдағы жылдың 1-5 тамызы аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі.
Көлік қозғалысы екі бағытта да жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1267744?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау