«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 30 шілдеге дейін Қазақстан 13,9 млн тонна астық пен астық баламасындағы ұн экспорттады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ға көп. Өткен жылы осы кезеңде шетелге 12,4 млн тонна өнім жөнелтілген болатын.
Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстанға жөнелтілген өнім көлемінің артуы ықпал етті.
Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 36%-ға өсіп, 5,8 млн тоннаны, Қырғызстанға – 35%-ға өсіп, 528 мың тоннаны, Ауғанстанға – 57%-ға өсіп, 2,4 млн тоннаны, Түрікменстанға – 32%-ға өсіп, 220 мың тоннаны құрады.
Жүк тасымалы көлемінің артуы қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелі екенін айғақтайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1267457?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау