31 шілде күні Марқакөл ауданының Ұрынқай ауылында Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының 50 жылдығына арналған «Марқакөл – Шығыстың маржаны» туристік фестивалі өтті.
Фестивальге Қазақстанның әр өңірінен келген қонақтармен қатар Ресей, Австрия және Қытайдан келген делегаттар да қатысты.
Самар ауданы этноауыл жұмысына қатысып, жергілікті өндірушілердің өнімдері, қолөнер шеберлерінің бұйымдары және туризм саласындағы жобаларын таныстырды. Көрмеге қойылған өнімдердің басым бөлігі сатылып, келушілердің жоғары қызығушылығына ие болды.
Фестиваль барысында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов шетелдік делегаттарға Самар ауданының туристік әлеуеті жоғары екенін айтып, ауданның туризмді дамытуға мүмкіндігі мол екенін атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1267754?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау